Жаңалықтар тізбегі
0

Қытаймен шекарадағы өткізу бекетінде электронды кезек іске қосылды

шекара, өткізу пункті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 18:53 Сурет: gov.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Достық» өткізу бекетінде 23 қарашадан бастап автоматтандырылған электронды кезек жүйесін іске қосып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінде түсіндіргендей, жүйе пилоттық режимде іске қосылып жатыр. «Достық» автобақылау бекетінде Qoldau.kz платформасының немесе CargoRuqsat мобильді қосымшасының (IOS немесе Android) автоматтандырылған электронды кезек жүйесі пайдаланылады.

«Электрондық кезек жүйесін құрудың мақсаты – көлік құралдарын, тауарларды өткізу пунктіне кіру тәртібін қалыптастыру үдерісінің ашықтығын және цифрландыруды қамтамасыз ету. Сонымен қатар еліміздің транзиттік, көліктік және экспорттық әлеуетін арттыру», - делінген хабарламада.

Жүйені ҚР Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есептік орталығы» АҚ мамандары әзірлеген.

Осылайша, жүргізуші көрсетілген порталда немесе мобильді қосымша арқылы тіркелгеннен кейін жол жүру үшін бос күн мен уақытты таңдайды. Бұл ретте оның кезегі туралы SMS хабарлама келеді.

Сонымен бірге 22 қарашадан бастап «Достық» өткізу пунктінде журналға тіркеу және қағаз рұқсаттамаларды беру тоқтатылады. Қағаздағы кезек тізімі цифрландырылып, ақпараттық жүйеге енгізіледі.

Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 20 қазанында Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуінде шекарада электронды кезек жүйесін енгізуді тапсырғанын еске салды.

Уақытша схеманы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми интернет-ресурстарынан (kgd.gov.kz) және CargoRuqsat.kz сайтынан (CGR.qoldau.kz) көруге болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: