Жаңалықтар тізбегі
0

Нұржан Нұржігітов Шу ауданындағы екі ауылдың тұрғындарымен кездесті

кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 18:17 Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда.

Бүгінге дейін өңірдегі барлық деңгейдегі әкімдердің 1000-нан аса кездесуі өтсе, оның 33-і облыс әкімінің қатысуымен ұйымдастырылған.

Бұл жолы аймақ басшысы Шу ауданындағы Тасөткел және Қонаев ауылының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелелері бойынша қабылдады.

кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 18:17

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

Тасөткел ауылдық округіндегі Ш.Мұртаза  атындағы орта мектебінде өткен кездесуде өңір басшысы алдымен облыс аумағында атқарылып жатқан сан саладағы жұмыстар мен жоспарлы шараларға жан-жақты тоқталып өтті.

кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 18:17

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

- Әкімдердің халықпен кездесуінің негізгі мақсаты - жергілікті халықтың мәселелерін тыңдап, оларды шешу бойынша жұмыстар жүргізу.

Облыстың 2025 жылға дейінгі кешенді даму жоспары әзірленген. Сол жоспар бойынша барлық елді мекендерді ауыз су, табиғи газбен қамту мәселесі толығымен шешу көзделген. Жолдардың жағдайын жақсартуға да барынша көңіл бөлінеді. Ауылдарды мәдениет, білім, денсаулық сақтау нысандарымен толығымен қамту жұмысы да назарға алынған.

Ендігі кезекте ауыл әкімдеріне үлкен жауапкершілік артылып отыр. Олар жеке инвестиция есебінен түрлі жобаларды жүзеге асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін жеткізу секілді шараларды үйлестіруі тиіс. Елді мекендегі әр ауланы аралап, ахуалынан хабардар болып, тұрмысын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуі керек,-деді Нұржан Нұржігітов.

кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 18:17

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өз кезегінде ауыл тұрғындары ағын су, электр бағаналарын реттеу, мектепті күрделі жөндеуден өткізу, табиғи газ беруді жеделдету мәселелерін көтерді.

Аймақ басшысы барлық сауалдарға жауап бере отырып, жауапты тұлғаларға мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін құжаттама жұмыстарын тезірек жүргізуді, газ бойынша техникалық жағдайларды реттеуді міндеттеді. Өзге де бірқатар мәселелер бойынша жан-жақты нақтылау шараларын атқаруды тапсырды.

кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 18:17

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Дәл осындай кездесу Қонаев ауылдық Мәдениет үйінде де өтті. Мұнда жергілікті тұрғындар салынып жатқан спорт кешенін екі-үш үйірмелер бойынша бөлуді, үш ауысымды мектептің жағдайына, көпір, электр бағаналарының ескіргенін және тағы да басқа көптеген мәселелерді алға тартты.

Ауылдықтарға нақты жауап берген облыс әкімі барлық сауалдар назарға алынатынын баса айтты.

Кездесулерден соң облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: