Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде «Бақытты отбасы» орталығы ашылды

Ақтөбеде бақытты отбасы орталығы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 12:40 Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2022 жылдың 16 қараша күні «Анаға тағзым» ғимаратында «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанынан құрылған «Бақытты отбасы» орталығы ресми түрде ашылды.

Ашылу рәсіміне облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысып, орталықтың жұмыстарымен, мамандарымен танысты.

Сондай-ақ шараға ҚР Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Нәзипа Шанай, Ақтөбе облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Күлшат Масалимова, «Шебер шаңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, жеке кәсіпкер, Тараз қаласының құрметті азаматы Анар Бексұлтанова, «Өрістен сөреге дейін» және «Балкондағы сиыр» жобаларының авторы, «Олжас» шаруа қожалығының басшысы, «Жер Ана Астана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмайрам Баймақова, әлеуметтік желілерде бизнес жүргізуді үйретуші инфобизнесмен, көп балалы ана, коуч- мотиватор, психолог Алтын Каникар, «Жаңақоныс» тұрғын алабының ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Алтай» сауда орталығының басшысы, меценат Сағынай Құсаинов, «Шаңырақ» қоғамдық қорының басшысы Еділ Аймағамбетов, «Күнкей» Сән Үйінің басшысы, Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі, Ақтөбе облысы Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Сабина Наурзалина қатысып, құттықтау сөздерін жеткізді.

Ақтөбеде бақытты отбасы орталығы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 12:40

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Орталықтың мақсаты – қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдау және оларға кешенді қызметтер көрсету бойынша функцияларды жүзеге асыру.

Мекемеде алты мемлекеттік орган: Отбасы банк, Ақтөбе облысы полиция департаменті мен бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының мамандары, Отбасы банк, Ақтөбе қаласының білім бөлімі, Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы азаматттарды қабылдайды.

Сонымен қоса, орталықта құқықтық, психологиялық, қаржылық бағыттарда кеңес беретін қызметтік бөлімдер және оқу-үйрету кабинеттері жұмыс істейді. Оның ішінде әкелер кабинеті, балалар бөлмесі, «Ұмай ана» кабинеті, оқу-медиа, «Отбасы және денсаулық» кабинеті, «Алтын оймақ» тігіншілер үйірмесі бар.

Ақтөбеде бақытты отбасы орталығы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 12:40

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Орталыққа келушілер арасында және кәсіппен айналысуды көздейтін қыз-келіншектерге бет әрлеу, қолөнер, кондитерлік, үстел жабдықтау, балалар массажын үйрету, SMM әне тігін ісі сынды тегін курстарды оқытылатын болады.

- Өмірді бағалаңыздар. Берілген мүмкіндіктерді жіберіп алмау қажет. "Бақытты отбасы" орталығының әлі талай жанұяны бақытты етіп шығаратынына сенімдімін. Орталықтан үйреніп шығар істеріңіз көп болсын,- деді шарада екі аяғымен тігін машинасымен іс тіккен мүмкіндігі шектеулі тараздық кәсіпкер ана Анар Бексұлтанова.

Ақтөбеде бақытты отбасы орталығы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 12:40

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ашылу рәсімі әрі қарай дефилемен жалғасты. Ақтөбе қаласының сән үйлері үздік туындыларын көпшілікке көрсетті. Кәсіптен несіп көргісі келетін жан-жақтан келген аналар қауымына республикаға белгілі коуч-мотиваторлар тәжірибелерімен бөлісті.

Ақтөбеде бақытты отбасы орталығы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 12:40

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: