Елордалық полицейлер өрттен зардап шеккен құтқарушылар үшін шұғыл қан тапсырды

Арнайы шара Сурет: polisia.kz
Астанада көпқабатты тұрғын-үйде болған өрттің салдарынан азаматтарды құтқару кезінде елордалық ТЖД-ның екі өрт сөндірушісі зардап шекті. Олар күйікпен қалалық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге шұғыл түрде қан қажет болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы Полиция департаментінің полицейлері бірінші болып үн қатып, арнайы шараға өз үлестерін қосты.

Тәртіп сақшылары әрқашан көмектесуге дайын және олар тапсырған қан адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеді.

Айта кетсек, 16 қарашада "КаҺарман" тұрғын үй кешенінің 11-қабаттағы пәтері отқа оранды. Өртенген пәтерде адамдар болған. Өрт сөндірушілер бес адамды, соның ішінде бір баланы құтқарып, одан бөлек тағы 10 адамды эвакуациялады.

17 қарашада өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жансақтау бөлімінде жатқаны, жағдайы өте ауыр екені белгілі болды. Ол 3 дәрежелі күйік алды.

Өрт сөндіру кезінде ТЖМ-ның тағы бір қызметкері, №10 өрт сөндіру бөлімінің командирі Аян Кемпіров те зардап шекті. Оның жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағаланады.

Бүгін, 17 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада отқа оранған көпқабатты тұрғын үйден бірнеше адамды аман-есен алып шығып, ерекше ерлік танытқан елордалық өрт сөндірушілерді мемлекеттік наградамен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз