Жаңалықтар тізбегі
0

Гаага соты MH17 ұшағының апатқа ұшырауы ісі бойынша үкім шығарды. Украина Рамзан Қадыровқа іздеу жариялады

Украинадағы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 23:28 Сурет: icj-cij.org
Украинада энергия өндіретін қуат көздерінің 40%-ы бүлінген, поляк билігі украиналық сарапшыларды С-300 зымыраны құлаған жерге жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Зеленский Ресеймен арадағы келіссөздер "дәлізде емес, үстел басында" жария жүргізілуі керек деп мәлімдеді. Ол Киевтің келіссөздер үстеліне отыруға дайын екенін айта келе, Ресей Федерациясының да осындай дайындығынан хабардар етілгенін жеткізді.

  • Астық мәмілесінің мерзімі 120 күнге ұзартылады, - деді Зеленский.

  • Поляк билігі украиналық сарапшыларды С-300 зымыраны құлаған жерге жіберді, деп мәлімдеді президент кеңсесінің өкілі Якуб Кумох. Сонымен қатар, оқиға орнында жергілікті мамандар мен АҚШ өкілдері де жұмыс істеп жатыр.

  • Украинада энергия өндіретін қуат көздерінің 40%-ы бүлінген - БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Розмари Дикарло.

  • Украинаның қауіпсіздік қызметі (SBU) Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа іздеу жариялады. Ол туралы ақпарат Украинаның арнайы қызметінің мәліметтер базасына сотқа дейінгі тергеуден жасырынып жүргендер тізіміне енгізілген. Қадыровқа Украина Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылып отыр.

  • РИА Новости аймақтың төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, украиналық қауіпсіздік күштері Херсон облысында 39 ресейшіл белсендіні атып өлтірді, тағы 74 адамды белгісіз бағытқа алып кетті деп хабарлайды.

  • 19 қарашада жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына байланысты Қырым көпіріндегі автомобиль қозғалысы уақытша шектеледі - РФ Көлік министрлігі.

  • Песков: G20 декларациясы - ақылға келудің жеңісі, ол "Батыстың соқыр агрессиясын бейтараптандырып, ымыраға келуді орнатты".

  • Сондай-ақ, Путиннің баспасөз хатшысы Ресейдің Украинада не көздегені белгілі екенін, оған "арнайы операция немесе келіссөздер арқылы" қол жеткізуге болатындығын айтты.

  • Гаага аймақтық соты ресейлік Игорь Гиркинді, Сергей Дубинскийді және украиналық Леонид Харченконы 298 жолаушысы қаза тапқан 2014 жылғы MH17 рейсінің апатқа ұшырауы ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырды.

  • Мемлекеттік Думаның Халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Леонид Слуцкий Гаага сотының шешімі тым саясиландырылған деп атап, онымен келісуге болмайтынын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: