"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу ережесі өзгерді

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы, қаулы Сурет: pixabay
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауын өткізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаулы мәтінінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен мүдделі мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар және қоғам қайраткерлері арасынан конкурсты дайындау және өткізу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылатыны жазылған.

Конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссия облыстарда, қалаларда, аудандарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкімімен мүдделі мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар, қоғам қайраткерлері және өткен жылдардағы конкурс лауреаттары арасынан құрылады.

Конкурсқа қатысқысы келетін отбасы нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жарияланған күннен бастап бір ай ішінде қағаз немесе электрондық нұсқада беріледі.

Өтініммен бірге тапсырылатын құжаттар:

  • ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

  • асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

  • неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

  • ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

  • балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

  • заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);

  • отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

  • қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық,тәлімгерлік) (бар болса) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері.

Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық немесе қалалық комиссияның төрағасы куәландырады.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялар бір жеңімпаз отбасын айқындау жөнінде шешім қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпаздарын және конкурс жеңімпазы деп танылмаған қатысушыларды конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссияның хаттамасынан үзінді ұсына отырып, хатпен хабардар етеді.

Қаулы 2022 жылғы 28 қарашада күшіне енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз