Жаңалықтар тізбегі
0

Есіл өзенінде аққулар қатып жатыр

Есіл, аққу, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2022 14:55 Сурет: pixabay
Қарашаның 18-і күні Қазнетте Есіл өзеніндегі өлген аққу түсірілген видео тарады. Zakon.kz тілшісіне Экология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мамандар видеоны зерттеп, өзенге барды.

Куәгер жариялаған кадрлардан бір аққудың өліп жатқанын, екіншісінің мұз үстінде әрең тыныстап тұрғанын көруге болады.

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, аққулардың видеосы БАҚ-та жарияланған соң сол жерге маман барған.

Алайда олар барғанда аққулар жоқ болып шықты.

"Мұз бетінде қауырсындар, мамық және сүйреген із болды, бірақ кім алып кеткенін анықтау мүмкін болмады". Қазақстан Республикасы Экология министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған қоса олар Сарыарқа көпірінің қасында тоғанда ашық жер бар екенін, онда бір аққу мен үйрек мекен екенін айтты. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: