Шымкентте палатада түсірілген видео желіге тарап, ауруханаға тексерушілер сау ете түсті

Әлеуметтік желі Сурет: primeminister.kz
Желідегі видеоға қатысты тексеру жүргізілді. Ауруханада баласын аямай шапалақпен салып жіберіп құлатқан әйелдің күйзеліске шалдыққаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде жарияланған видеодан кейін аталған ауруханаға Шымкент қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жанетта Жазықбаева бас сұқты. Зардап шеккен баланың анасы омбудсменге телефонға қолын созған баласын байқамай ұрып жібергенін айтып ақталған. Сондай-ақ, әйелдің немере ағасына үйленгені анықталды. Ерлі-зайыптылардың бес баласы болған, олардың екеуі қайтыс болған, ал ең кішісі церебральды сал ауруына шалдыққан. Тағы бір балаға аяғы ауыр әйел қазір психотерапевтен ем алып жатыр, деп хабарлайды otyrar.kz .

"Cіз баланы неге ұрдыңыз" деген сұрағыма, ол "байқаусызда" деп жауап берді. "Қалай байқаусызда, қатты соққы екені естіліп тұр ғой" деп едім, ол болған оқиғаға өкініш білдіретінін, телефонға шұғыл жауап беру керек болғанын, бала қыңқылдай бастағанын айтты. Мүгедек балалары болғандықтан әйелдің өзі күйзеліске ұшыраған, оның үстіне бесіншісіне аяғы ауыр. Мұның барлығы оның көңіл-күйіндегі өзгерістерге әсер еткен болуы мүмкін".Шымкент қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Жаннета Жазықбаева

Қазір балалар клиникалық ауруханасында осы факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, бір ай бұрын баласы құлап, ауруханаға түскені анықталды. Содан кейін тағы бір жасар баласы өкпе ауруымен ауруханаға түскен. Қазір дәрігерлер нәрестенің жағдайын орташа ауырлық дәрежесінде деп бағалайды, ол хаттама бойынша ем алып жатыр.

"Түскі сағат үштен кейін біздің аурухана басшылығына осындай жағдай орын алғаны туралы өтініш келіп түсті. Біздің бөлім меңгерушісі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, психологтарды бұл мәселеге тартты. Әйелмен психолог жұмыс істеп жатыр. Баланың денесінде көгерулер жоқ. Ол шешесіне жабысып, құшақтап, кез келген бала сияқты өзін ұстайды".Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу работе жөніндегі орынбасары Қаламқас Дауымбаева

Полиция департаменті бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Әлеуметтік желіде ананың жас баласына қатыгездік танытқаны жайлы видео тарады. Аталған факті бойынша Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізді. Видеода көрсетілген азамат анықталып, одан түсініктеме алынды. Полиция қызметкерлері және білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары аталған әйелмен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта орын алған факті бойынша тергеу жүргізілуде". Шымкент ПД баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз