Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада 70 гектардан аса аумақты қамтитын экопарк құрылады

Экологиялық инфрақұрылым, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2022 12:24 Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанада саябақ кластері көбірек ашылады және Кіші Талдыкөл аумағында экопарк салынады. Экопарктің жалпы аумағы 70 гектардан асады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экопарк жобасы Кіші Талдыкөлде су балансын сақтай отырып, қала тұрғындарына арналған табиғи-рекреациялық аймақ құруды көздейді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты. 

Қазір жобаның ведомстводан тыс сараптамасының оң қорытындысы алынды. Құрылыс-монтаждау жұмысына мердігерлік ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Айта кету керек, бұл аумақта экопарк салу қала тұрғындары мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына демалуға және табиғат аясында серуендеуге мүмкіндік береді.

 

Кіші Талдыкөл аумағы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2022 12:24

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сол сияқты жасыл желек бойында жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылым салынатын болады, оған құм-қиыршық тас қоспасын пайдалану жоспарланып отыр. Саябақтың дизайны мен оның элементтеріне ерекше мән беріледі. Қоршаған ортаға зияны тимейтін табиғи материалдар пайдаланылады, ал бұл экоурбанизмге сәйкес келеді.

Абаттандыру барысында табиғи жағдайларға, ойын алаңдарына және табиғи материалдардан жасалған шағын сәулет нысандарына көңіл бөлінеді. 12 мыңнан астам ірі ағаш пен жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр, сол сияқты аумақты көгалдандыруға да ерекше назар аударылатын болады.

 

Кіші Талдыкөл аумағы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2022 12:24

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кіші Талдыкөлдің іргелес аумағы игеріледі. Онда әлеуметтік нысандар орналасады: мектептер, медициналық орталық, тұрғын үйлер, балабақша және т.б.

 

Экопарк, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.11.2022 12:24

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ал Талдыкөлде (үлкен Талдыкөл) экологиялық инфрақұрылым мәселесіне назар аударылады. Үлкен Талдыкөл көлінің жанында қорық және орман-саябақ аймағы бар елдегі алғашқы табиғи парк ашылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: