Елена Рыбакина әлемнің "Жыл ойыншысы" атағына үміткерлер тізіміне ілінді

Теннис Сурет: ktf.kz
Маусым қорытындысы бойынша Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) марапатына үміткерлердің есімі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина "Жыл ойыншысы" аталымы бойынша үміткерлер қатарына ілінді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жоғары марапатқа таласатындар арасында мына спортшылар да бар:

  • әлемнің бірінші ракеткасы, "Ролан Гаррос", US Open және тағы алты жарыстың жеңімпазы, Польша өкілі Ига Швентек;

  • дүниежүзілік рейтингіде екінші тұрған US Open және Уимблдон финалисі, Мадрид пен Берлин чемпионы, тунистік Онс Жабер;

  • әлемнің жетінші ракеткасы, Ролан Гаррос финалисі Кори Гауфф;

  • әлемдік рейтингідегі үшінші үздік, Гвадалахара чемпионы Джессика Пегула.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз