Жаңалықтар тізбегі
0

Президент сайлауында белгілі тұлғалар да белсенділік танытты

Мадина Сәдуақасова, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 14:33 Сурет: Zakon.kz
20 қараша күні Қазақстанда өтіп жатқан президент сайлауына танымал қазақстандықтар мен шоу-бизнес жұлдыздары қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші Мәдина Сәдуақасова №77 орта мектепте дауыс берді.

"Әр қазақстандық өз таңдауын жасауы керек. Өйткені біздің елде президентті халық сайлайды. Қазақстан президенті, ең алдымен, саясатта тәжірибесі мол, халықтың барлық мәселесін білетіндей болуы керек", - деді ол.

Әнші президенттік сайлаудан кейін әділ Қазақстанды, жаңа өзгерістер мен жарқын болашақ күтетінін айтты.

Белгілі қазақстандық скрипкашы, дирижер Мұрат Серкебаев Тәуелсіз Қазақстанның барлық онжылдықтарында сайлауға қатысып келе жатқанын атап өтті. Ол Алматыдағы №91 сайлау учаскесінде, №25 мектепте дауыс берді.

"Бүгін - мен және менің айналам үшін ерекше күн. Бүгін мен жасырын дауыс бермеймін, барша достарым мен туыстарым осындай пікірде. Барша сайлаушыларды мүмкіндікті пайдаланып, дұрыс таңдау жасауға шақырамын", - деді Мұрат Серкебаев.

Мұрат Серкебаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 14:33

Сурет: Zakon.kz

Медиа өкілдері де маңызды саяси оқиғадан шет қалмады. А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясындағы учаскеде танымал блогер және кәсіпкер Әлішер Елікбаев конституциялық құқығын жүзеге асыруға келді.

«18 жасымнан бері мен бірде-бір сайлаудан қалмадым. Жексенбі күні таңертең тұрып, өз кандидатыма дауыс беруге келуді парызым деп санаймын», - деді Әлішер Елікбаев.

Әлішер Елікбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 14:33

Сурет: Zakon.kz

Дауыс беруге қазақстандық скрипкашы Жәмила Серкебаева да келді.

"Біз еліміздің болашағы үшін дауыс беріп жатырмыз. Елімізде көп нәрсе жақсы жаққа өзгереді деп сенемін", - деді Жәмила Серкебаева.

Жәмила Серкебаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 14:33

Сурет: Zakon.kz

Қазақстанның театр және кино актеры, режиссер Асанәлі Әшімов №383 сайлау учаскесінде дауыс берді.

"Сайлау - барша қазақстандықтардың мерекесі. Біз халықтың әл-ауқатын, мәдениетін ойлайтын президентімізді таңдаймыз. Мен бұған сенімдімін және әркім дұрыс таңдау жасайтынына сенемін", - деді Асанәлі Әшімов.

Асанәлі Әшімов, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 14:33

Сурет: Zakon.kz

Халық артисі Досхан Жолжақсынов Назарбаев зияткерлік мектебінде орналасқан №622 сайлау учаскесінде президент сайлауына дауыс берді.

"Бүгін - жауапты күн ғана емес, халқымыздың тарихи бетбұрыс күні. Біз бұл күнді шын жүректен күттік. Мемлекет халыққа жақын болуымен ерекшеленеді. Ал халыққа жақындық тек адалдық пен шынайы қарым-қатынас арқылы дамиды", - деді Досхан Жолжақсынов.

Оның айтуынша, кейінгі жылдары осы сөздер қазақстандықтардың жүрегіне орныққан.

Досхан Жолжақсынов, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 14:33

Сурет: Zakon.kz

Сонымен қатар 20 қарашада Роза Рымбаева, Әли Оқапов және Луина президент сайлауында дауыс берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: