БҚО-да сырымдық көкпаршылар сайлауға сәйгүліктерімен келді

Дауыс беру Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында көкпаршылар сайлауға сәйгүліктерімен барып, дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сырым батыр" көкпар командасының ойыншыларының басым бөлігі Өлеңті ауылынан. Жылқы десе жанарында жалын ойнап, қазақ десе қаны тулап тұратын сырымдық жігіттер елдің ең басты саяси оқиғасының мән - маңызын түсінеді. Сондай-ақ аттың құлағында ойнайтын, ар-намысты биік қойған аталмыш азаматтар Отанымыздың алдындағы маңызды қадам – сайлаудан қалыс қала алмайтындықтарын жеткізді.

Дауыс беру

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы қазақ халқы жылқы десе ішкен асын жерге қояды, тіпті тұлпардың дүбірінен делебесі қозып тұратыны тағы бар. Дода десе тап берер, көк серкені шап берер сырымдық көкпаршылар да дәл сондай.

Дауыс беру

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Олар аудан орталығындағы №293 сайлау учаскесіне байламшасын бастырып бөрік киып, саптама етік сайлап, ат мініп келді. Қазақтың ұлдары әрі Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде өз құқықтарын пайдаланып, дауыстарын берді. Сайлауға қатысушыларға ұлттық рух сыйлады.

Сайлау

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қазақ қоғамы кейінгі кезде рухани тұрғыдан жаңғыруға, дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға жіті көңіл бөле бастады. Алаш баласы атқа қонбай, рухының қанатын қаға алмайды. Ұлттық мүддені қорғауда, елдің жарқын болашағын айқындауда азаматтарымыз белсенді болуы қажет. Ата-бабаларымыздың байырғы тұрмысы, салты, дәстүрі жаңа Қазақстанға бірге баруы керек. Ал бүгінгі сайлауға келсек, бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Енді Президент 7 жылға бір рет қана сайлана алады. Бүгін бүкіл қазақстандық өз таңдауын жасап, жарқын болашаққа қадам басады деп ойлаймын. Сайлауға қатысу – болашағыңды таңдау. Саяси науқанда белсенділік танытып, еліңнің ертеңіне бейжай қарамау қажет. Өйткені қазір әлемдегі геосаяси жағдай тұрақты емес. Әлемдегі ахуалды ескере келе, бірауыздан балаларымыздың жарқын болашағы үшін дауыс бердім", –  дейді команда капитаны Төлеби Қайыржанов.

Көкпаршылар

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз