ШҚО-да екі бала мен төрт ересек адам қар құрсауында қалып кетті

ШҚО, тас жол, ШҚО ТЖД Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Глубоковский ауданында Сержиха мен Кіші Оба өзендерінің сағасында Nissan Patrol және "УАЗ" көліктеріндегі 6 адам қар құрсауында қалып кетті, оның екеуі бала, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар оларға көмектесуге "ТРЭКОЛ-мен" аттанды.

Алты адам да эвакуацияланып, Өскеменге жеткізілді.

Төтенше жағдайға тап болғандар демалыс орнынан шығып, жолай бір тәуліктен бері бет қаратпай тұрған қар құрсауында қалып қойған.

ШҚО ТЖД қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екенін еске салды:

  • Синоптиктердің болжамдарын жіті қадағалау керек.

  • Бұқаралық ақпарат құралдары мен "Дәрмен" мобильді қосымшасында жарияланған төтенше жағдайлар қызметінің арнайы хабарламаларын ("дауыл туралы ескертулер") назардан тыс қалдырмаңыз.

  • Елді мекендерден шыққанда арқан, дәрі салынған қобдиша, шайы құйылған термос пен азық-түлік, телефон зарядтағыш ала шығыңыз.

  • Көрпе ала шығыңыз.

Төтенше жағдайда "112" телефон нөміріне хабарласыңыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз