Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан: Бір сәтте жәшікке бюллетеннің көптеп тасталғаны жайлы ақпарат жоққа шығарылды

Бір сәтте жәшікке бюллетеннің көптеп тасталғаны жайлы ақпарат жоққа шығарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 22:52 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Түлкібас ауданының №804 сайлау учаскесіндегі орын алған оқиға туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде бюллетеньді сайлау жәшігіне бір мезетте көптеп тасталғаны туралы ақпарат жарияланды. Қазіргі уақытта жарияланым авторы фотосуреттер мен бейнематериалдарды өз парақшасынан жойып жіберген.

"Облыстық сайлау комиссиясы берген жәшіктердің жоғарғы жағында тар саңылау бар, одан бір мезгілде бюллетеньді көптеп тастау мүмкін емес". Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудағы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 22:52

Сурет: Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Аталған учаскедегі сайлау комиссиясының барлық мүшелерінен және бақылаушылардан түсініктеме алынғаны, олардың барлығы бұл фактіні теріске шығарғаны нақтыланады.

"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, аталған сюжет фейк және шындыққа сәйкес келмейді деген қорытынды жасауға болады. Жарияланым авторы Р. Егенбердиевтің қолтаңбасы бар", - деп атап өтті комиссиядағылар.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: