Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлыбританияда экобелсенді атақты жүргізушіні қорлағаны үшін қамауға алынды

Экобелсендімен болған оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2022 15:12 Сурет: Twitter/rebelsanimal
Эмма Смарт беделді теңіз тағамдары мейрамханасынан сүйреп шығарылды. Экобелсенді онда тележүргізуші және натуралист, табиғат туралы деректі фильмдердің бастаушыларының бірі сэр Дэвид Аттенбороға жөнсіз талап қойып, қорлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Animal Rebellion көтерілісінің белсендісі Эмма Смарт Дорсеттегі 96 жастағы Аттенборомен сөйлесуге тырысқан. Кафеде отырғанда ғимарат қызметкерлері оның кетуін өтінген. Бірақ ол кетуден бас тартқан соң полиция оны сыртқа сүйреп шығарды.

Экологиялық белсенді Аттенборомен климаттың өзгеруі туралы сөйлескісі келді. Сонымен қатар ол жүргізушінің табиғат туралы енді шығатын деректі фильмдерін сынаған.

"Бізге нені жоғалтып жатқанымызды көрсететін басқа деректі сериялардың қажеті жоқ. Күн сайын дүние жүзінде 150-ге жуық түр жойылып жатыр. Бізге қажет нәрсе - әрекет".Эмма Смарт

Оқиғаның бейнежазбалары Twitter қолданушыларының назарын аударды. Олар полицияны мақтап, Animal Rebellion қозғалысының адамдарын сынады. Пікір қалдырушылар да Эмма Смарттың егде кісіге талап қойғанын теріс бағалады.

Ол натуралистке қазір «35 адам наразылық білдіргені үшін түрмеде отыр» деп хат бермек болды. Хатында ол сэр Аттенбородан олар үшін араша болуды өтінді.

Бұған дейін Letzte Generation эко-белсенділері Германияда бірнеше көше наразылықтарын өткізіп, Германия, Австрия және Италиядағы музейдегі өнер туындыларына зиян келтірмек болған.

14 қазанда британдық Just Stop Oil экологиялық қозғалысының екі мүшесі Лондондағы Ұлттық галереяда Ван Гогтың «Күнбағыс» картинасына қызанақ сорпасын құйды.

Бір аптадан кейін «Соңғы ұрпақ» неміс қоғамдастығының екі белсендісі Потсдамдағы Барберини мұражайындағы Клод Моненің «Хакке» картоп пюресі лақтырған.

Испанияның Прадо мұражайында эко-белсенділер Гойяның картиналарының жақтауларына жабысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: