БҚО-да ботаникалық бақ салынбақшы

Меморандум Сурет: Facebook/БҚО әкімдігі
Орал қаласында бірден екі әлеуметтік бағыттағы нысан бой көтермек. Өткен апта соңында облыс әкімі Ғали Есқалиев "Freedom finance" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Турлов пен серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ірі бизнестің өңірлерге қолдау көрсетуі игі бастама. Сондықтан "Freedom finance" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Русланұлына біздің ұсынысымызға үн қосып, ботаникалық бақ пен спорт кешенін салуды жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Жоспарланған жобалардың экологиялық жағдайды жақсартып, жасыл желектердің санын көбейтуге және ерекше қажеттілігі бар тұрғындар үшін спорттық инфрақұрылымды дамытуға да айтарлықтай әсер ететініне сенімдімін". БҚО әкімі Ғали Есқалиев

Әлеуметтік нысан

Сурет: Facebook/БҚО әкімдігі

Ботаникалық бақ Шолохов пен Есенжанов көшелерінің қиылысындағы аумақтан орын теппек. Бақтың аумағы 13 гектарды құрайды. Бұл жерде өсімдіктердің түр-түрі өсіріліп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Жобаға сәйкес, бақ аумағында демалыс аймағы, дәрілік шөптер бағы, этнткалық сипаттағы гүлдер, гүлзарлар, жұпаргүл (сирень) аллеясы, жылыжай, су өсімдіктері бар тоған  орналасады деп жоспарлануда. 2023-2024 жылдары жүзеге асатын жобада мектеп оқушыларына ботаникалық, биологиялық, экологиялық өлкетану бағытында үйірмелер ұйымдастыру да қарастырылған.

Құттықтау

Сурет: Facebook/БҚО әкімдігі

Екінші жоба мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені. Ерекше қажеттілігі бар жандарды спортқа баулу мақсатында ашылатын  жаңа кешен Орал шаһарындағы Т. Масин көшесі 65/1 мекен-жайында бой көтермек. Заманауи спорт кешенінде   голбол, бочча, отырып ойнайтын волейбол, арбада билеу секілді спорт үйірмелері болады деп  күтілуде.

Әлеуметтік нысан

Сурет: Facebook/БҚО әкімдігі

"Еліміздің алдында қазір шешуге тиісті көптеген міндеттер тұр. Мемлекет бұл бағытта қыруар қаржы бөліп, біраз іс атқаруда. Дегенмен, біз ірі бизнес өкілдері ретінде халық алдындағы жауапкершілікті сезінеміз. Сондықтан мен үшін Батыс Қазақстан облысының әкімімен танысу барысында қаныққан игі бастамаларды қолдау маңызды. Ең алдымен, бұл жобалардың жан-жақты пысықталып, жергілікті кәсіпкерлер мен облыс басшысының көңілінен шыққаны қуантады. Біз бар мүмкіндіктерімізді бір бағытқа арнасақ балаларымыз армандайтын ел қалыптастырып, лайықты өмір сүреміз". "Freedom finance" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Русланұлы

Әлеуметтік нысан

Сурет: Facebook/БҚО әкімдігі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз