Футболдан ӘЧ-2022: Англия құрамасы Иранды ойсырата ұтты

Футбол Сурет: Vk/world_cup_2022_football
2022 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы фавориттердің бірі - Англия құрамасы Қатардағы өз ойынын сенімді жеңіспен бастады. Топтық кезеңде британдықтар Иран өкілдеріне ешқандай мүмкіндік бермеді, есеп: 6: 2, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл кездесудің тағдыры бірінші таймда ашылды, ағылшындар Иран командасының қақпасына үш жауапсыз доп салып, ойын қорытындысын алдын-ала анықтады. Иран қақпасына алғашқы допты мундиалдың ең қымбат ойыншысы, Англия мен Дортмунд Боруссиясының 19 жастағы жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем соқты. Көп ұзамай Букайо Сака мен Рахим Стерлинг нәтижені үстемелей түсті.

Өз жоспарларын ойдағыдай орындаған Гарри Саутгейттің шәкірттері екінші таймда арқаны кеңге салып, ойынды жалғастырды. Маркус Рашфорд, Букайо Сака (дубль) және Джек Грилиштің арқасында тағы үш гол соғылды.

Ирандықтар ағылшындарға Мехди Таремидің дублымен жауап берді. Нәтижесінде Англия 2022 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынды 6-2 есебімен түйіндеп, үш ұпаймен В тобына көшбасшылық етті.

Айта кетсек, Иран құрамасының негізгі қақпашысы Алиреза Бейранванд ауыр жарақат алып, британдықтармен кездесудің басында алаңнан кетуге мәжбүр болды. Қақпашы өз командасындағы футболшымен бетпе-бет соқтығысып, миы шайқалған. Оның орнын Хоссейн Хоссейни басты.

Англия-Иран матчында тіркелген қызықты фактілерге тоқталсақ, ирандық қақпашының жарақатына байланысты бірінші тайм бір сағатқа жуық уақытқа созылды. Бұл ойынның төрешісі бразилиялық Рафаэль Клаус негізгі уақытқа қосымша 14 минут қосты, бірінші таймға барлығы 59 минут кетті. Бұл - әлем чемпионаттары тарихындағы ең ұзақ уақыт.

В тобының екінші кездесуінде 21 қарашада кешке Уэльс пен АҚШ құрамасы алаңға шығады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз