Ақмолалық оқушы электр қуатын өндірудің ерекше тәсілін ойлап тапты

Өнертабыс Сурет: primeminister.kz
Ақтөбеде өткен экологиялық жобалар сайысында жергілікті оқушы Диасәлі Кәрім байқаудың бас жүлдесін қанжығалады. Ол өзі ұсынған жобада темір жол дірілінен электр қуатын өндіруге болатынын дәлелдеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмолалық жас өнертапқыш тың жобаны әзірлеуге 1 жылға жуық уақыт кеткенін айтады. Диасәлі шаһардағы Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алады. Оны жастайынан осы тақырып қызықтырған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Барлық темір жолдардың 20 пайызы ғана электрлендірілген. Міне осы мәселені шешуде менің құрылғым көмектеседі. Құрылғы электро магниттік кондукция принціпінде жұмыс істейді. Байқау жеңімпазы Диасәлі Кәрім

Жалпы экологиялық байқауға 60-тан аса жоба ұсынылған. Ақтық сынға тек соның 10-ғана өтіпті.

Бұрындары осындай сайыстарға көбінесе кәсіби мамандар мен ғалымдар қатысатын. Ал соңғы жылдары жастардың үлесі артып келеді. Сайыстың жүлде қоры - 750 мың теңге. Байқаудың мақсаты - аймақтағы "жасыл экономиканы" дамытып, жастардың белсенділігін арттыру. "KAZAKHSTAN INNOVATIONS" қоғамдық қорының төрайымы Мәриям Әбішева
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз