Ақтөбе әкімі лауазымын 1,5 млн долларға саудалағандарға қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбе әкімі лауазымын саудалағандар Сурет: Zakon.kz
Астанада 21 қарашада Ақтөбе қалалық әкімі "креслосын" 1,5 млн долларға саудалағандарға қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот жәбірленушілерді алдау және олардың сенімін теріс пайдалану жолымен алдын ала сөз байласу арқылы бес адам өзін жоғары лауазымды тұлғалар ретінде таныстыра отырып, олардың біріне 500 мың доллар берсе, Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына тағайындауға уәде бергенін, сол секілді тағы жәбірленушіге осы беделді лауазым 1,5 млн долларға ұсынғандарын анықтады.

"Бірінші жағдайда сотталғандар жәбірленушінің 260 мың долларын иеленген, ал екінші жағдайда жәбірленуші өзінің алданатынын түсініп, құқық қорғау органдары көмегіне жүгінді және 28 млн теңге мөлшеріндегі ақша муляжын ұсыну кезінде сотталушылар ұсталды". Астана сотының баспасөз қызметі

Сотталушыларға әртүрлі мерзімде жаза тағайындалды.

Сот Қ. деген азаматқа ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағының, 24-бабы, 3-бөлігі бойынша 6 жыл 8 ай мерзімге, сотталушы Б-ға 7 жылға, сондай-ақ сотталушы Б-ға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қылмыстық кодекстің 24-бабы, 3-тармағы, 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша сотталушы М. 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде өтейді. Астана сотының баспасөз қызметі

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

22 шілдеде алаяқтар тобы Ақтөбе қаласы әкімі лауазымын 1,5 млн долларға саудалағаны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз