Жастар санаты 35 жасқа дейін ұлғайтылады

Заң жобасы Сурет: ҚР АҚДМ
Жастар санатын 35 жасқа дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бұл туралы Ақтау қаласында жастармен кездесу кезінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР АҚДМ мәліметінше, министрлік "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеген.

Бұл жоба Парламент Мәжілісінде мақұлданып, Сенатқа енгізілді.

Заң жобасы мемлекеттік органдардың бағыттарымен және құзыреттерімен толықтырылды. Осы Заңның негізгі жаңалықтарының бірі жастар санатын 35 жасқа дейін ұлғайту болады. Осылайша, Жастарды мемлекеттік қолдау аясы 2 есеге жуық (3,7 млн адамнан 6 млн адамға дейін) кеңейеді (жұмысқа орналастыру және бизнес-бастамалар және т.б.).

Аталған заң жобасында жастардың даму индексі енгізіліп, жастардың әлеуметтік қызметтері мен NEET санатындағы жастарға құқықты мәртебе беру қарастырылып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз