Мемлекеттік кірістер комитеті 30 млн теңгеден астам соманы есепшотта сақтау талабын жоққа шығарды

ақша, қаржы, әмиян, табыс Сурет: Zakon.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті 1000 АЕК-тен астам (+30,6 млн теңге) қолма-қол ақшаны декларацияда қалай көрсету керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл - 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін Жалпыға бірдей декларацияның екінші кезеңі. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (f. 250.00) квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік органдардың қызметкерлері және олардың жұбайы ұсынуы керек.

"Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда АЕК-тің 10 000 еселенген мөлшерінен аспайтын қолма-қол ақша көрсетілуі керек. Сонымен бірге заңнамада 10 000 АЕК-тен жоғары қолма-қол ақшаны сақтауға тыйым салу қарастырылмаған", - деп атап өтті МКК.

Комитет жеке тұлғалардың қолма-қол немесе қолма-қол емес ақшаны, сонымен қатар олардың мөлшерін сақтау мәселелерін дербес шешуге құқығы бар деп қосты.

Бұған дейін жалпыға бірдей декларация аясында банк шоттарына АЕК-тің 10 000 еселенген мөлшерінен асатын (30,6 млн теңгеден астам) қолма-қол ақшаны орналастыру керек екені хабарланған еді.

Мемлекеттік мекемелерге білім беру, мектепке дейінгі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тағы басқа салалардағы мекемелер мен ұйымдар жатады.

Квазимемлекеттік сектор – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық компаниялар, сонымен қатар оған еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз