Зейнетақы жинақтарын пайдалану ережелерін қайта қарау керек - депутат

Депутат зейнетақы қорын қайта қарауға шақырды Сурет: Zakon.kz
Зейнетақы жинақтарын пайдаланудың шекті мөлшерін қайта қарау керек. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Премьер-Министр мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасына осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорын сынға алған халық қалаулысы зейнетақы активтерін басқаруға тартылған төрт қаржылық ұйымды брокерлік компаниялар деп атады.

Оған себеп те жоқ емес. Өйткені оларға сенімгерлік басқару үшін 9 миллиард теңге берілген. Ал бұл сомма барлық зейнетақы жинақтықтарының 1 пайызына де жетпейді, деп жазады qazaqstan.tv.

Шенеунік мұндай көрсеткішпен Президент тапсырмасы орындалды деп айтудың өзі ұят,-дейді. Жауапты мекемелерге зейнетақы активтерін басқару нарығындағы монополиямен күресу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

2020 жылы Мемлекет басшысы азаматтардан әртүрлі мақсаттарға, соның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге арналған зейнетақы жинақтарын ішінара алу туралы шешім қабылдады. Ал жеткіліктілік шегін көтергеннен кейін іс жүзінде әлемде теңдесі жоқ бұл бастама аяқсыз қалды. Зейнетақы жинақтарын пайдаланудың сәйкестігі бойынша шекті мәндерді төмендету мәселесін Үкімет қайта қарауы қажет деп ойлаймын. Сондай-ақ жеке зейнетақы қорларын тарту кезінде осы тәжірибені ескеріп, салымшыларды ынталандырудың жаңа пакетін әзірлеу қажет. Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз