Енді қазақстандықтарға Еуропаға ұшу арзан түспек

ұшақ, әуежай Сурет: Zakon.kz
Халықаралық арзан авиакомпаниялар Қазақстан арқылы транзитпен ұшатын болады. Бұл туралы мәжіліс алаңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, 2023 жылдан бастап Қазақстан арқылы арзан авиакомпаниялар ұшады.

"Бізде ұлттық оператор сегменті бар, арзан авиакомпания сегменті бар. Біз қазір ірі арзан авиакомпаниялармен жұмыс істеп жатырмыз. Ашық аспан режимі аясында біз оларға ұшуға мүмкіндік береміз. Мысалы, бір жерден ұшфп келеді де, Еуропаға, Түркияға ұшып кете алады. Билеттер әлдеқайда арзан болады. Өйткені олар - арзан авиакомпаниялар".Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев

Сонымен қатар министр қазақстандықтар үшін Еуропаға билеттер неліктен қымбатқа түсетінін түсіндірді.

"Сонымен қатар динамикалық баға жүйесі бар. Билетті үш ай бұрын сатып алсаңыз, 12-15 мың теңге тұрады. Қазір сатып алсаңыз, 50-60 мың теңге, тіпті одан да жоғары болуы мүмкін".Қайырбек Өскенбаев

Наурызда хабарланғандай, 2022 жылы Қазақстандағы әуе қатынасы жолаушыларға бір жыл бұрынғымен салыстырғанда бірден 18% қымбаттады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз