Қытай коронавируc жұқтыру көбейгеніне байланысты карантинді күшейтті

коронавирус, тест, ковид, пандемия Сурет: pixabay
Қытайда COVID-19 инфекциясының 31 444 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл сәуірде Шанхайдағы екі ай жалпы қалалық оқшаулау енгізген кездегіден асып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай COVID-19 инфекциясының көбеюіне байланысты карантинді күшейтті. Күнделікті көрсеткіштер бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетті. Сәрсенбі, 23 қарашада елде 31 444 жаңа жағдай тіркелді, деп жазады Sky News.

Чжэнчжоу билігі қаланың сегіз ауданында жаппай тестілеуді қамтитын бес күндік карантин жариялады. Қаланың 6,6 миллион халқына азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алудан басқа кезде үйде болуға бұйрық берілді.

Бейжің тұрғындарына кез келген қоғамдық ғимаратқа кіру үшін COVID-19 сынағының теріс нәтижесін көрсету керек екені ескертілді.

Сауда орталықтарына, қонақүйлерге, үкіметтік ғимараттар мен зауыттарға кіру үшін қазір 48 сағат бойы жарамды COVID-19 тестінің теріс нәтижесі қажет, дейді шенеуніктер. Сонымен қатар Қытайдың солтүстігіндегі Гуанчжоу және Шицзяжуан порттық қалаларында шектеулер күшейтілді.

Қытай билігі COVID-19 кезінде адамдардың өмірін сақтап қалу және медицина жүйесінің толып кетуіне жол бермеу керек екенін алға тартып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз