Алматыда бірқатар алаяқтық жасаған ресейлік ұсталды

Алаяқтық жасаған ресейлік ұсталды Сурет: polisia.kz
Полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасағаны үшін 52 жастағы С.есімді азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта күдіктінің үш эпизодқа қатысы бар екендігі анықталды, деп жазады Polisia.kz.

Қылмыстың тізбегі қарапайым болды: аңқау азаматтар такси жолаушысы сияқты көрініп, жүргізушімен тіл табысып алған алаяқтың айласына оңай түсіп қалатын. Жол-жөнекей ер адам жүргізушіні техника мен басқа да халық тұтынатын тауарларды нарықтан төмен бағамен алуға мүмкіндігі бар екеніне сендірді. Одан әрі ол такси жүргізушілеріне тауарды сатуға көмектесемін деп уәде берді. Ол үшін жеке такси жүргізушілері тиімді кәсіпке қаражат салу үшін ақшаны тез арада тауып, қаскөйге беруі керек болды. Өкінішке қарай, қаланың үш тұрғыны қаскөйдің қылмыстық желісіне түсіп қалды, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

Тергеу жәбірленушілердің одан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Сондықтан полиция қызметкерлері С.есімді азаматтың әрекетінен зардап шеккен адамдарды Медеу аудандық ПБ-ға немесе мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 254-48-02; 254-48-01; 8-707-142-01-11.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз