Президент Ұлттық қордан 2023–2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заңға қол қойды

Президент, қол қою Сурет: Zakon.kz
Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2023 – 2025 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Онда Ұлттық қордан 2023 жылы 2,2 триллион теңге, 2024 жылы 2 триллион теңге және 2025 жылы 1,9 триллион теңге көлемінде бюджеттік қаржыландыру қарастырылған.

Сонымен қатар мемлекет басшысы "Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз