Алматыда әйелдерге тіл тигізді деп айыпталған әзілкеш жігітке қатысты сот үкімі шықты

Әлеуметтік желі Сурет: видеодан алынды
Алматыда әйелдерге тіл тигізді деп айыпталған стендап-комик Анди Топалидиске қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының полиция Департаменті, Медеу аудандық полиция басқармасы 2000 жылы туған Т. есімді азамат ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын жеткізді.

Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, делінген хабарламада.

Сондай-ақ стендапер көптен кешірім сұрады.

Айта кетсек, стендап-комик Анди Топалидистің видеосы желіде тарап, оның айтқандары жұрттың намысына тиген. Бұдан кейін Алматы полициясы бұл видеоны өз назарына алып, оның айтқан сөздеріне заң тұрғысынан баға беретінін мәлімдеген болатын.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз