СҚО тұрғыны өз үйінің кіре берісінде өлі жатқан шешесінің үстінен түскен

Қайғылы оқиға Сурет: Zakon.kz
17 қарашада Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөліміне Советское ауылында үйдің кіреберісінде зорлықпен өлтіру белгілері бар 56 жастағы әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған факт ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі, "Кісі өлтіру" бойынша СДТБТ-да тіркелді.

Кісі өлтірді деген күдікпен осы ауылдың 52 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның айтуынша, 14 қарашада ол марқұм әйелмен бірге алкогольдік ішімдік тұтынып, араларында жанжал туған. Жанжал барысында ер адам әйелді ұрып-соққан.

Әйелдің денесін 17 қарашада анасының жағдайын біліп қайтуға келген қызы анықтады. Ол телефон қоңырауларына жауап бермеген.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары қолға алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз