Журналистерді қорғау туралы өтініш назарға алынды

Журналистерге қамқорлық жасалады Сурет: pixabay
Мемлекет басшысының атына жолданған әйел-журналистерді қорғау туралы өтініш назарға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай айтты, деп жазады qazaqstan.tv.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасына: «Президенттің атына жолданған «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының журналист әйелдерді қорғау туралы өтініші назарға алынды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды»- деп жазды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз