Creativity Days: Қазақстандағы шығармашылық қауымдастықтың дамуы

Париматч Сурет: Parimatch
Осы жұмада Creativity Days креативті қызығушылықтар платформасының аясында дизайнерлер мен маркетологтарға арналған алғашқы танымдық және көңіл көтеруге бағытталған іс-шара өтеді.

Аталған шарада «креатив», «шығармашылық» және «жарнама» сөздері кәсіби бағыты ғана емес, сонымен қатар жүрек қалауы болып табылатын адамдарды жинауды жоспарлап отыр.

Әртүрлі бағытта жұмыс істейтін шығармашылық қауымдастықтардың бірге тәжірибе жасап, жаңа коллаборация құрып және шабыт іздейтін платформа қалыптастыру идеясы өткен жылы пайда болды. Ой пайда болған сәттен бастап оны жүзеге асыруға дейін Seed шығармашылық агенттігінің командасы жаңа брендтің мақсатын айқындап, формасы, сәйкестігі және визуалды мазмұнымен жұмыс жасап, шығарылымға мұқият дайындалғаны байқалады.

«Біз шығармашылық индустрияның өкілдері ретінде үнемі жобаға жаңа таланттарды тарту мәселесіне тап боламыз. Бұған қауымдастықтардың бір-бірімен байланыста болмайтындығы себеп: музыканттар бір бөлек, жарнамашылар бөлек, киношылар бөлек өмір сүреді. Біз осы салаларды «достастырғымыз» келеді. Біз өз платформамыздың арқасында нарыққа жаңа таланттарды тартып қана қоймай, сонымен қатар ерекше коллаборация құруға және нарықтың сапасын арттыра алатындығымызға сенімдіміз». SEED агенттігінің бас директоры Дмитрий Волков.

Платформаның мақсаты – Қазақстанның шығармашылық қауымдастығы мен креативті экономикасын дамыту

Қазірдің өзінде Украина, Қазақстан және Өзбекстанның жетекші спикерлері тартылуда, келешекте бұл тізім Грузия, Армения және Еуропадан келген сарапшылардың есімдерімен толықтырылады. Жобаның сенімді бастамасы оның серіктестерінің қатарында Jusan bank, Red Bull және Parimatch сияқты ірі брендтердің болуымен де расталады.

Соңғы серіктесіміз,яғни Parimatch бренді іс-шараның бағдарламасына өз үлесін қосқанын атап өткен жөн. Шара аясында барлық қатысушыларды Анастасия Айгузинаның (Curator Study) плакаттарды бояу бағытындағы воркшопы және Адам Резниченконың (Юг шеберханасы) аяқ киімді әрлеу тақырыбындағы семинары күтеді.

«Бізді де табиғатымыздан қызыққұмар жандар деуге болады. Біз батыл қадам жасауға, жаңашылдыққа ынтызармыз. Сондықтан біз үшін бұл ынтымақтастық - 100% сәйкестік. Біз тәжірибе жасауды, мүмкіндіктер ашуды және жаңа жобаларға дем беруді ұнатамыз – осыған байланысты біз жарқын идеялардың бастауында болғанды қалайтын батыл брендпіз. «Дизайн Зауыты» да дәл осындай. Жігіттердің қазақстандық шығармашылық топтардың арасында осы бағыттың бастамашысы болуға толық мүмкіндігі бар».Parimatch Kazakhstan компаниясының коммуникациялар бөлімінің басшысы Надежда Лабодовская.

Іс-шара нағыз зауыт аумағында (Art Depo Emocean кеңістігі) өтеді және бұл кездейсоқтық емес, өйткені жобаның атауында қазақ тілінің «зауыт» сөзі бар. Жоба авторларының айтуынша, бұл атауды таңдауда белгілі бір ой жатыр:

«Әртүрлі ұсақ-түйектерге және қызметкерлерлердің көптігіне қарамастан, кез келген зауыт жұмысының мәні түпкілікті ортақ мақсатқа - белгілі бір өнімді шығаруға бірігеді. Біздің жағдайда мұндай өнім - бұл шығармашылық кеңістік, ол жерде әрбір шығармашылық иесі негізгі саласына қарамастан, өзін алып дүниенің бір бөлшегі ретінде сезіне алады».

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз