Жаңалықтар тізбегі
0

Министрлік құрылыс компаниялары үшін мемлекеттік сатып алуға шектеу қою туралы айтты

Құрылыс, құрылыс компаниясы, құрылыс заттары, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 15:29 Сурет: Zakon.kz
Сенат отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев депутаттың құрылыс компаниялары үшін мемлекеттік сатып алуларға лимит белгілеу туралы ұсынысына түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдері вице министрден мемлекеттік сатып алуда құрылыс компанияларына шектеу қою қаншалықты дұрыс екенін сұрады.

"Бұл – дұрыс нәрсе. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылыс саласын, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды реформалау бойынша біз Қаржы министрлігімен бірлесіп ұсыныстар әзірледік. Шынымен де шектеу болуы керек, өйткені компания өз міндеттемесін мүмкіндігінше қаржылай, техникалық, еңбек ресурстарына қарай орындай алады. ".ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев

Вице-министр компания шамасына қарамай көп көлемде ұтып алып, соның салдарынан сапа жоғалып, нысанның құрылысы аяқталмай қалатын жағдайлар да бар екенін атап өтті.

Оның айтуынша, сонымен қатар Қаржы министрлігі жергілікті компанияларды қосымша ынталандыру шарасын енгізуді ұсынып отыр: жергілікті компания мен басқа аймақтың компаниясы бірдей байқауға қатысқан кезде біріншісіне артықшылық беру керек.

25 қарашада сенатор Серік Шайдаров құрылыс компаниялары үшін мемлекеттік сатып алуларға шектеу қоюды ұсынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: