Жаңалықтар тізбегі
0

Айдос Ербосынұлы қиын-қыстау сәтте өзіне тілекші болған баршаға сәлем жолдады

Аудио сәлем жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 23:49 Сурет: Instagram/yerbossynuly_aidos
Жақында комадан шығып, АҚШ-та ауруханада ем алып жатқан отандық боксшы Айдос Ербосынұлы қиын-қыстау сәтте өзіне тілекші болған барша адамға телефон арқылы сәлем жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 6 қарашада АҚШ-та суперорта салмақ санатындағы жекпе-жек WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін Айдос Ербосынұлы кубалық боксшы Давид Моррельмен таласып, қолғап түйістірген болатын. Бұл кездесуде отандасымыз нокаутқа түсіп, жеңіліп қалған еді. Артынша іле-шала Ербосынұлы Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне шұғыл жеткізілді. Дәрігерлер оған "миға қан кету" диагнозын қойды. Осыдан кейін жасанды комаға жіберіліп, оған ота жасалды. Жақында оның комадан шыққаны белгілі болды.

Suleimen Promotions  командасының баспасөз қызметі Instagram-дағы парақшасында АҚШ-та ауруханада ем алып жатқан Айдос Ербосынұлының телефон арқылы қазақ халқына жолдаған аудио сәлемін жариялады.

"Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Қалдарыңыз қалай? Аллаға шүкір, тәуір болып келе жатырмыз. Біраз жекпе-жек барысында жарақат алып қалдық. Айналысып жүрген спортымыз оңай емес. Үлкен спорт болған соң мұндай жағдайлар болып тұрады. Маған дұға тілеп, тілектес болған баршаңызға Алла разы болсын. Әрдайым Сіздерді көңілімде ұстап жүремін. Рақмет!" Айдос Ербосынұлы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: