Алматы облысында ақтүтек боранға байланысты 5 жол учаскесі жабылды

Алматы облысында бірқатар жол учаскесі жабылды Сурет: pixabay
Алматы облысындағы республикалық жолдардың бірқатар учаскелері ақтүтек боран тұрып, айналаның көріну деңгейінің нашарлауына байланысты жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ЖШС-ның Алматы облыстық филиалы хабарлағандай, ауа райының нашарлауына байланысты (ақтүтек боран, айналаның нашар көрінуі) 2022 жылғы 26 қарашада мына жол учаскелерінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді:

  • "Алматы-Шелек-Қорғас": 136-246 км, Байсейіт-Шонжы ауылдары, Еңбекшіқазақ ауданы, Ұйғыр ауданы (сағат 20:30-дан бастап);

  • "Көкпек-Кеген-Түп": 0-26 км, Көкпек-Ақсай ауылдары, Еңбекшіқазақ ауданы (сағат 21: 30-дан бастап);

  • "Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас": 135-230 км, Байсейіт-Көкпек ауылдары, Еңбекшіқазақ ауданы (сағат 19: 00-ден бастап).

  • "Алматы-Өскемен": 16-241 км (сағат 19:40-тан бастап);

  • "Алматы-Ташкент-Термез": 20-143 км, Райымбек ауылы, Қарасай ауданы, Жамбыл облысының шекарасы (сағат 22:30-дан бастап).

Алматы облыстық ТЖД азаматтардан осы бағыттағы жол жүрісінен бас тартуды және жолға шығар алдында алар бағытын алдын ала жоспарлап алуды сұрайды, сондай-ақ 112 қызметі жолдаған СМС-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды да ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз