Үкіметте Екібастұздағы жағдай талқыланды

Үкімет Екібастұздағы жағдайды талқылады Сурет: primeminister.kz
Бірқатар проблемалық энергетикалық нысандарды мемлекет меншігіне беру мәселесін үкімет пысықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

primeminister.kz сайтында атап өтілгендей, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бас прокуратурасы бірқатар жылу электр станцияларын мемлекет меншігіне беру бойынша алдын ала жұмыстарды жүргізіп жатыр. Бұл мәселе 24 қарашада өткен Экономиканы монополиясыздандыру комиссиясының отырысында қаралды.

Екібастұздағы жағдайға қатысты

"Жексенбі, 27 қарашада жылу желілерінде желілік судың көп тұтынылуына байланысты қалалық жылу электр орталығындағы қазандық қондырғылары тоқтап қалды. Оқиғаның салдарын жою үшін дереу жедел штаб құрылып, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары басталды, және жедел желі ашылды». Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

28 қараша күні сағат 11.00-дегі жағдай бойынша алты қазандық жұмыс істеп тұр. 129 көпқабатты және 114 жеке тұрғын үйлерде, 11 әлеуметтік нысанда жылумен қамту қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасуда, бұл мәселе үкіметтің бақылауында.

«Проблемалық энергетикалық нысандардың қызметі бойынша, оның ішінде ағымдағы жылдың наурыз айында құрылған Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия аясында жұмыс жалғасады». Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Жалпы, үкімет түсіндіргендей, осы уақыт ішінде телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы (439 кірме теміржол желісі) және экология салаларындағы 10 ірі компанияның акциялар пакеттері мен үлестері республикалық меншікке өтті.

"142 кірме теміржол желісі мен тау-кен өнеркәсібіндегі активтерге иелік ететін 28 компаниядағы үлестер мемлекет меншігіне өту сатысында. Тағы 20 нысан, соның ішінде бірқатар жылу электр стансалары, мұнай-газ және теміржол секторларындағы өндіріс орындары. логистика, машина жасау активтері және т.б. бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі

Бұған дейін 2022 жылдың 28 қарашасында Екібастұзда жылу желілеріндегі апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз