Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтау әуежайындағы адамдар жаппай эвакуацияланды

Жалған хабарлама, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2022 20:19 Сурет: aktau-airport.kz
Бомба туралы ақпараттың келіп түсуіне байланысты Ақтау әуежайындағы адамдар эвакуацияланды. Хабарлама әуежайдың электрондық поштасына келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, Ақтау қаласының халықаралық әуежайының ғимаратына жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама 28 қарашада сағат 16:48-де анонимді түрде келіп түскен.

Оқиға орнына тиісті қызметтер шұғыл аттанды. Әуежай аумағын тексеру барысында жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Көліктегі полицияның жедел қызметтері алда ұсталып, жауапкершілікке тартылатын анонимнің жеке басын анықтап жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: