30 қарашадағы саудада доллар тағы қымбаттады

доллар көтерілді Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,56 теңге қымбаттап, 468,90 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 65,57 теңге (+0,30) болды. Еуро мен Ресей рублімен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 485,43 теңге, рубльді 7,67 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 468-471,5 теңгеден, еуро 485-490 теңгеден, ресей рублі 7,27-7,47 теңгеден сатылып жатыр.

Ал 30 қарашадағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр. Осылайша Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 1,13% өсіп, барреліне 83,97 доллар болды.

Қаңтардағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,14% көтеріліп, барреліне 79,09 доллар болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз