Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті қаулы 1 желтоқсанда Ақорда сайтында жарияланды.
«Сқақов Әбілқайыр Бақтыбайұлы Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылсын», - делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар, президенттің жарлығымен Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Бөлісу
0
Толық оқу