Ұлттық банк қарашада теңге не себепті әлсірегенін түсіндірді

Ұлттық банк, теңге, доллар Сурет: Zakon.kz
Қарашада Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ, сондай-ақ БЖЗҚ мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлардың зейнетақы активтері үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операциялар жүргізбеді. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық банк өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, қарашаның қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 468,90 теңгеге дейін 0,14%-ға әлсіреді.

"Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 121-ден 132 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,9 млрд АҚШ долларын құрады. Мұнай бағасы төмендегеніне қарамастан, валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан, көбіне, "тоқсандық салық аптасы" факторы есебінен теңгерілді".ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімін сатуы өткен айдың ішінде шамамен 500 млн АҚШ долларына тең болды. Квазимемлекеттік сектор компаниялары валюта нарығында сатуды екінші деңгейлі банктер арқылы дербес жүзеге асырады.

"Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сату қарашада 70 млн АҚШ долларына тең болды. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінен 2,4% және бір күнде кемінде 10 млн АҚШ доллары болды. Ұлттық Қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде Ұлттық банк нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайды, бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді". ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі

Банк өкілдеріеің сөзінше, бұл тәжірибе Ұлттық Қор операцияларының валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз