Үкімет отырысында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру мәселелері қаралды

Қызылорда облысы, "Жайлы мектеп" жобасы Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру мен көші-қон саясатын жүргізу мәселелері қаралды.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық жоба мектеп инфрақұрылымын жаңғырту үшін әзірленгенін айтты. Оның аясында 842 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы оқу орындарының ауқымды құрылысы көзделген. Жоба шеңберінде Қызылорда өңірінде 15100 орынға арналған жаңа 21 мектеп салынады.

Қызылорда облысы,

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа мектептер қажетті оқу жабдықтарымен, түрлі пәндік кабинеттермен, бейнебақылау және дыбыстық хабарлау жүйелерімен, балаларға арналған жеке сөрелермен толық жабдықталатын болады. Ғимараттары ауылда да, қалада да бірыңғай стандарт бойынша салынады.

Қызылорда облысы,

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Премьер-министр 2023-2025 жылдары елімізде 401 жайлы мектеп салу жоспарланғанын айтты және Оқу-ағарту министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, жобадағы іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жиында елге келген қандастарға қолдау көрсету мен жұмыс күшінің тапшылығы бар солтүстік өңірлерге қоныс аудару мәселесі де талқыланды.

Үкімет тапсырмаларын орындау бойынша Нұрлыбек Машбекұлы жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына жобада көзделген мектептердің сапалы әрі ыңғайлы болуына баса назар аудару қажет екенін алға тартты.

"Мемлекет басшысы ауылдық елді-мекендерді дамытуға жеткілікті деңгейде мән беруді тапсырды. Бұл ретте ауылдық аймақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.

Біз Президент тапсырмасы аясында ауылды көркейтудің бірнеше сатылы жоспарына сай жұмыс жүргізуге тиіспіз. Ауыл халқына ең бірінші кезекте қажетті инфрақұрылымды тарту яғни газ, ауыз су, жарық, жол мәселесі, әлеуметтік бағытта мектеп, амбулатория нысандарын салу - бірінші кезекте шешімін табуы тиіс.

Ал, "Жайлы мектеп" жобасы аясында өңірде 21 мектеп салынады. Оның 8-і Қызылорда қаласында, қалғандары – ауылдық елді мекендерде. Мектеп құрылысын салар уақытта ең әуелі орналасқан орнына ерекше мән беру керек, міндетті түрде халыққа қолайлы және балаларға ыңғайлы болуы тиіс. Денсаулық сақтау саласында жаңадан бой көтеретін 27 нысанды салу кезінде де, жердің халыққа қолайлы жағын қарастыруымыз қажет. Құрылыс басқармасы қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, тиімді шешім қабылдаңыздар",- деді.

Жиын барысында Нұрлыбек Нәлібаев қысқы маусым кезінде тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін көмір мәселесіне тоқталып, әрбір ауданда және қалада орналасқан көмір қоймаларында қордың жеткілікті болуын қамтамасыз етуді, жылу және жарық мәселесінде ақауларды болдырмау қажеттігін ескертті. Қызылорда қаласындағы Арай 3 мөлтек ауданындағы ауыз су сапасына қатысты жиі шағым түсетінін алға тартып, бұл мәселенің түпкілікті шешімін табу қажет екенін тілге тиек етті.

Тіршілікті қамтамасыз ету салаларындағы мәселелер ұдайы бақылауда болады және бұл бағыттағы жұмыстарды үйлестіру салаға жетекшілік ететін орынбасары М.Жайымбетовке жүктелді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз