Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан парламенті әйелдердің зейнетке шығу жасын 61 жас деп бекітті

Зейнет жасы, зейнеткерлік, ҚР парламен сенаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2022 12:10 Сурет: Zakon.kz
Парламент Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша әйелдердің 61 жастан зейнетке шығу құқығын қамтамасыз ететін түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі атап өткендей, заң жобасы мемлекеттік жастар саясаты саласын жетілдіруге, қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыруға, жұмыспен қамтуға, жастардың дамуына қажет мүмкіндіктер жасауға негізделген.

"Заң жобасы шеңберінде жастар ұғымының жас шегін 29-дан 35-ке дейін ұлғайту жөнінде түзету енгізілді, бұл жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға әсер береді. Жастарға тұрғын үйді жеңілдікпен жалға беру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру бойынша жергілікті тқарушы органдардың құзыретін кеңейтуге ненізделген түзетулер көзделген". Дархан Қыдырәлі

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру үшін заң жобасы шеңберінде әлеуметтік блокты шешетін мынандай  түзетулер енгізілді:

  • бала күтіміне байланысты жәрдемақы бала 1,5 жасқа толғанға дейін төлеу;
  • ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70%-ға дейін, ал ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120%-ға дейін жеткізу;
  • әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 деп бекіту;
  • жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: