Алматыда алабайды көлікке байлап алған жүргізушіге айыппұл салынды

Итті көлікке байлап жүрген Сурет: видеодан скриншот
Алматы полиция департаментінің қызметкерлері кептелісте итін көлікке қарғыбаумен "жүргізген" жүргізушіні тауып, айыппұл салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"1988 жылы туған азамат Т-ға осы факті бойынша ҚР ӘҚБ 407-бабы 1-2-бөлігі 4-тармағына сәйкес 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды (30 630 теңге)", - деді полицейлер.

Атап айтқанда, жүргізушіге ҚР Жануарларды жауапкершілікпен ұстау, оның ішінде үй жануарларын ұстау және серуендету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды.

8 желтоқсанда әлеуметтік желіде қала тұрғыны көлік көп жүретін жол – Рысқұлов даңғылының бойында үлкен итті көлікке байлап жүргені түсірілген видео тараған еді. Видеода ит иесінің жүріп келе жатқан көлігінің қасында жүріп, сонымен бірге жол қозғалысының басқа қатысушыларына ыңғайсыздық тудырып жатқанын көруге болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз