Жаңалықтар тізбегі
0

Келер жылы Алматы қаласының бірыңғай емханалар стандарты әзірленеді

Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласы, емхана, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2022 14:36 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәслихат отырысында 2023 жылы Алматы қаласының бірыңғай емханалар стандарты әзірленетінін, ол алдымен жаңа объектілерді салу кезінде енгізіліп, кейін жұмыс істеп тұрған емханаларға қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ұлт денсаулығын қамтамасыз еткен жағдайда ғана қоғамның үйлесімді дамуы мүмкін" деген қала әкімі мемлекет басшысының қала халқымен кездесуде берген тапсырмасы бойынша қаланың жаңа стационарларын салуды жобалау және қолданыстағы стационарларды қайта құрылымдау жоспарланып жатқанын айтты

Мәселен, сол жоспар аясында, әкімнің айтуынша, Орталық қалалық клиникалық аурухананың жаңа корпусы салынады, қаламыздағы 10 көпсалалы аурухана мен босандыру ұйымдары жаңғыртылады.

Бұдан басқа, Алатау ауданында перзентханасы бар 500 орындық көпбейінді аурухананы жобалауды бастау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша Медеу ауданында 200 орындық көпбейінді аурухана салуды бастау жоспарда бар. Жобалау мақсатына 2023 жылға арналған бюджет жобасында 1,6 млрд теңге көзделеді.Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев

Сондай-ақ ол 2023 жылы 6 жаңа емхана мен 3 отбасы-дәрігерлік амбулаторияны жобалау мақсатына 437,3 млн теңге, 4 отбасы-дәрігерлік амбулаторияны салуды бастауға 3,2 млрд теңге көзделгенін атап өтті.

Әкімнің сөзінше, маман даярлау мәселесі де назардан тыс қалмаған.

"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға 1,9 млрд теңге қаражат бөлу және 5 медициналық колледжге жалпы сомасы 460 млн теңге болатын 1 032 грант бөлу көзделіп отыр" –  деді қала басшысы.

Сонымен қатар әкімдік сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін қала тұрғындарын қолдауды жалғастырады. Бұл мақсатқа 6,8 млрд теңге бөлінеді.

Бұған қоса әкім медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға 34,2 млрд теңге қарастырылғанын баса айтты.

Осы орайда қала басшысы мүмкіндігі шектеуле жандарға көрсетілетін қолдауға та тоқталып өтті.

Келесі жылдан бастап менің бастамам бойынша Алматы қаласының әкімдігі 200 мүгедек баланы электр жетегі бар жоғары сапалы жеке кресло–арбалармен қамтамасыз етудің арнайы бағдарламасын іске асыруды, сондай-ақ 1,4 млрд теңге сомасына 170 адамды жаңа технологиялар бойынша протездік-ортопедиялық құралдармен және сүйек өткізгіштігі бар есту аппараттарымен, сөйлеу процессорларымен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.Ерболат Досаев

Оның сөзінше, бұл шара әлеуметтік қызметтер порталында жоқ оңалтудың жоғары технологиялық құралдарын толықтыруға және осы мақсатқа қаржыландыру көлемін 8,2 млрд теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ол1350 мүгедектігі бар адамды жұмыспен қамту үшін 775 млн теңге бөлу жоспарланғанын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: