Қазақстан азық-түлік шығыны бойынша рейтингінде бірінші орында

Қазақстандықтар азық-түлікке көп жұмсайды Сурет: Zakon.kz
Қазақстандықтар табысының жартысынан астамын немесе 53%-ын азық-түлікке жұмсайды. Бұған Еуропа елдерінің азық-түлік шығыны бойынша жарияланған рейтингінде келтірілген деректер дәлел, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан рейтингте көш бастап тұр, яғни біздің ел азық-түлікке басқаларға қарағанда көбірек ақша жұмсайды. Тізімде бізге жақын тұрған елдер арасында Молдова – 41,9%, Солтүстік Македония – 37,8%, Беларусь – 37,6% және Болгария – 35,5% бар. Барлығы 39 ел бар. Ресей 31-орында және оның шығыстағы үлесі - 32,2%.

Ал отбасы бюджетіндегі азық-түлікке жұмсалатын шығынның ең аз үлесі Люксембург тұрғындарына тиесілі. Олар азық-түлік сатып алуға шығындарының 8,4-%ын ғана жұмсайды. Одан кейін 8,7% және 10,5% көрсеткішпен Нидерланды мен Ұлыбритания тұр.

Рейтинг Еуропа елдеріндегі үй шаруашылықтары бюджеті туралы ресми деректер негізінде құрастырылған. Онда сонымен қатар олардың темекі мен алкогольге, мейрамханаларға, кафелерге және қонақүйлерге баруға, демалыс пен мәдениетке жұмсалған шығындағы үлесі туралы мәліметтер береді.

Биыл маусым айында сарапшылар қазақстандық отбасылар шығынының 50%-ы азық-түлік өнімдеріне, 46%-ы тікелей азық-түлікке кететінін хабарлаған еді. Сонымен қатар азық-түлікке жұмсалатын қаржының үлесі жыл сайын артып келеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз