Алматыда жоғары технологиялық және "таза" өндірістер дамытылады – Ерболат Досаев

Алматы, Алматы әкімі, Алматы қаласын дамыту Сурет: Zakon.kz
2023 жылы Алматы әкімдігіні міндеті қала экономиканың тұрақты нығаюын қамтамасыз ету болады. Бұл жөнінде Алматы қаласының әкімі үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы тұрғындарының өмір сүру сапасын одан әрі жақсарту және әлеуметтік, инженерлік, көлік инфрақұрылымына қатысты жүйелі мәселелерді шешу үшін осы жылдың қыркүйек айында "Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар" бекітілді. 

Бұған қоса қала әкімі Ерболат Досаев үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысының белсенді қолдау көрсетуінің және қала әкімдігі қабылдаған шаралардың арқасында биыл 11 айда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 6,2%-ке дейін жеделдеп, өңірлер арасында алдыңғы позицияны қамтамасыз еткенін атап өтті.

"Өңдеу өнеркәсібі өсу драйверіне айналып, өсу қарқыны бойынша елде 1-ші орынға шықты. Жеке инвестициялардың 16%-ке өсуімен инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етілді. Осы жылдың 11 айында барлығы 1,2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды". Ерболат Досаев

Биылғы жылдың басынан бастап белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 38,5%-ке өсті. Шағын және орта бизнестің 2,1 мың жобасына (94 млрд теңге) қолдау көрсетудің арқасында 55,7 мың жұмыс орны құрылды, оның 70%-і тұрақты жұмыс орындары.

Қала басшысының сөзінше, бұл жұмыссыздық деңгейін 5,0%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

"2023 жылы әкімдіктің негізгі міндеті Алматы қаласының даму бағдарламасына сәйкес экономиканың тұрақты нағаюын қамтамасыз ету болмақ. Бұл ретте, жоғары технологиялық және "таза" өндірістерді, туризмді, IT-секторды және креативті индустрияларды дамытуға баса назар аударылатын болады". Ерболат Досаев

Сондай-ақ ол қала экономикасын одан әрі әртараптандыру үшін президент Алматы индустриялық аймағының аумағын 189 гектарға кеңейту мәселесін қолдағанын тілге тиек етті. Оның сөзінше, 7 шағын өнеркәсіп паркін іске қосу, креативті индустриялардың венчурлық қорын құру, 40 млрд. теңге сомасына басым бағыттардағы 2,6 мыңға жуық жобаны қаржыландыру жоспарланған. Жалпы, 1,5 трлн. теңге инвестиция тартылады. 

Осының арқасында 2023 жылы Алматы қаласының экономикасы 4,4%-ке өседі. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз