Ақшолақов: Қазақстан, Ресей және Өзбекстан газ одағын құру мәселесі талқыланған жоқ

Үштік газ одағы, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Желтоқсанның 12-сі күні үкіметтің кеңейтілген отырысының кулуарында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан, Ресей және Өзбекстан арасында газ одағын құру мәселесі талқыланбағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Энергетика министрі бұл мәселе үшжақты форматта талқыланбағанын нақтылады.

"Негізінде үштік газ одағы туралы мәселе талқыланған жоқ, барлық талқылаулар екіжақты әріптестік форматында болды. Мысалы, Қазақстан – Ресей, Қазақстан – Өзбекстан, Өзбекстан – Қазақстан дегендей". Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Ол қазір газ тасымалдау жүйелерінің техникалық мүмкіндіктері мен жаңасын салу мәселелері талқыланып жатқанын айтты.

"Кейбір мәселелер үш-төрт тараптың келісімін талап етеді. Алайда бұл жұмыс мәселелерә, қандай да бір одақ құру туралы мүлдем сөз болған жоқ". Болат Ақшолақов

29 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін "үштік газ одағын" құру мәселесі қарастырылғанын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз