Ер адам мен МИБ төрағасының төбелесі видеоға түсіп қалды

Алматы, төбелес Сурет: pexeles
Желтоқсанның 13-і күні Telegram арналарының бірінде екі ер адам төбелесіп жатқан видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода Mega Towers тұрғын үй кешенінің Мүлік иелері бірлестігне бөлінген бөлмесінде түсірілгені жазылған. МИБ төрағасымен төбелескен қара киімді жігіт Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкері екені айтылды. Ол тұрғын үй кешеніне бір тәулікке жалға берілетін екі пәтерге шағымданған тұрғындардың арызын тексеруге барған.


Тұрғындардың сөзінше, олар бұл пәтерлерде үнемі шу, жанжал болатынын айтып шағымданғанымен, полиция әрекет етпеген.

Алматы полиция департаменті осы жағдай жөнінде түсініктеме берді.

"Видеодағы адамның Алматы қалалық полиция департаментінің өзіндік басқару басқармасына, ҚР ІІМ өзіндік басқару департаментіне еш қатысы жоқ. Оның ішкі істер органдарына жұмыс істейтіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицейлер төбелеске қатысты арыз 12 желтоқсанда түскенін атап өтті. Қазір бұл факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз