Алматының тау бөктерінде салынып жатқан таунхаус қиратыла бастады

Таунхаус Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыдағы Нұрлытау шағын ауданында салынып жатқан көпқабатты үй бүгін, 13 желтоқсанда сот орындаушыларының қатысуымен қиратыла бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, наурыз айында Қала құрылысын бақылау басқармасы жүргізген жоспардан тыс тексеру нысанның заңсыз салынып жатқанын анықтады. Құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нұсқама мерзімінің өтуіне байланысты заң бұзушылықтар жойылмай, осыған байланысты материалдар заңсыз тұрғызылған нысанды бұзу үшін Бостандық аудандық сотына жолданды. Аудандық сот нысанды бұзу туралы оң шешім шығарғанымен, нысан иесі оған кері шағымданған.

Сот отырысының қорытындысы бойынша Алматы қалалық соты Бостандық аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз