Алматыдағы мұз араласқан тасқын: құрбандар мен зардап шеккендер жоқ

Мұз араласқан тасқын Cурет: Facebook/Сәуле Қобжанова
13 желтоқсан күні 16:30-да Есентай өзенінің әл-Фараби даңғылынан жоғары бөлігінде мұз аралас тасқын болды. Қазір "Қазселденқорғау" және Алматы әкімдігі 109 құтқару қызметінің авариялық бригадалары өзен арнасы мен тротуарларды тазартып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖ алдын алу мақсатында Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде мобильді жылжымалы бекеттер қойылды.

Мұз араласқан тасқын Есентай су қабылдағышының жоғары бөлігінде болғаны анықталды. Жекелеген учаскелерде Есентай өзенінің қоршаулары зақымданды. Сонымен бірге жекелеген учаскелерде мұз өзен арнасының бойындағы тротуарларға түсті.   

Қазіргі уақытта мұз Есентай су қабылдағышынан жоғары өзен арнасында тоқтады. Жиналған мұздың көлемі 6500-6700 м3 болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз