Астанадағы заңсыз митингті ұйымдастырушы Марат Әбиев қамауға алынды

Астанадағы заңсыз митинг Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының соты 12 желтоқсанда оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Әбиевке қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Саясаттанушы Ербол Еділовтың айтуынша, оған ҚР ҚК 274-бабының 4-тарауының 2-тармағы бойынша, яғни бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде көрінеу жалған ақпарат таратты деген күдік келтірілген. 


29 қарашада ҚР ІІМ Астанада 300-ге жуық адамның жиналғанын, олар рұқсат етілмеген акция ұйымдастырғанын хабарлады. Желіде тараған видеодан мойнына қызыл шарф ораған бір топ адамның елордадағы түнгі клубтардың бірінің алдына жиналғанын байқауға болады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз