Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылады

2022 жылдың 16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2022 жылғы 16-17 желтоқсанда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды". Мемлекеттік кірістер комитеті
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Бөлісу
0
Толық оқу